Жұмаділ Арман Қабдешұлы алғашқы еңбек жолын қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінен бастаған. Аталған оқу орнын 1990 жылы тәмәмдағаннан кейін 1990-1993 жылдары ҚР ҰҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарып Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында этно-әлеуметтік ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, тәжірибе жинады. Ол 1993 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2005-2010 жылдары тарих, археология және этнология факультеті деканының тәрбие жұмысы, 2010-2014 жылдары ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал 2014-2016 жылддары тарих, археология және этнология факультетінің деканы қызметін атқарды. Арман Қабдешұлы 2010 жылы т.ғ.д. профессор Дулатова Д.И мен т.ғ.д., профессор Т.О.Омарбековтың жетекшілігімен «Еуразия көшпелілері әскери ісінің тарихнамасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Факультетте «Көшпелілердің әскери ісі», «Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның әскери тарихы», «Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның әскери тарихын оқытудың методикасы» атты авторлық арнаулы және элективті курстар оқиды. Жұмаділ Арман Қабдешұлының 50-ге тарта ғылыми-зерттеу еңбектері Отандың және шет елдік баспаларда жарық көрегн. Солардың ішінде 1 монография мен екі оқу құралы бар. Ол ғылым және білім саласындағы көп жылдық табысты еңбегі үшін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - 75 жыл» және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - 80 жыл» мерекелік төс белгілерімен марапатталды.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Исторические науки |
23.09.2010 |
0
документам
0